Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шықты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы жылу электр орталығынан ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылу электр орталығынан мәлім еткендей, 27 қарашада сағат 08:27-де датчиктердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты №15 қазандық өшіп қалған.

Сағат 10:05-те аталған қазандық қайта іске қосылды. Барлық жабдықтардың жұмысын қадағалау күшейтілді.

Бұдан бөлек, желілік судың айналуына қатысты мәселе туындаған. Соның салдарынан қала тұрғындары үйлерінде жылудың азайғанына шағымданып жатыр.

«Қазіргі уақытта ЖЭО штатты режимде жұмыс істеп тұр. Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар. 2 қазандық агрегаты кестеге сәйкес жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар саны арттырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін желілік судың температурасы қалыпқа келеді», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар