Өскемендегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланып, қарт әйел құтқарылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 31 наурызда Өскемендегі Астана көшесінде бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда үшінші қабаттағы пәтер отқа оранды. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД қызметкерлері келіп жетті. Жанып жатқан пәтерде ешкім болған жоқ. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны кіреберісте барлау жүргізу кезінде қарт әйелді тауып алды. Департаменттің мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов қарт әйелге үйден шығуға көмектесті.

Бір уақытта үйдің пәтерлерінен өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялап, оларды жылы «Вахта» автокөлігіне орналастырды.

Пәтердің зал бөлмесінде жиһаз, жеке заттар жанған, сонымен қатар балкон мен көршілердің балконына ішінара жайылған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт сөндірді.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі ретінде темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.


Соңғы жаңалықтар