Өскемендегі онкологиялық орталықта жасанды интеллект іске қосылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы онкологиялық орталықта жасанды интеллект іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Өскемендегі онкологиялық орталықта цифрлық диагностикалық деректерді сақтауға арналған PACS жүйесі іске қосылды. Енді тұрғындар өздерімен бірге рентген және КТ нәтижелерін тасып жүрмейді, оның барлығы автоматты түрде PACS бірыңғай жүйесінде тіркеледі. Бұл - медицина саласындағы өте маңызды қадам», - деді ол.

Аймақ басшысы жасанды интеллекттің Глубокое ауданынан келген баланың зертхана нәтижесінен жеңіл дәрежелі пневмонияны танығанын және әйел адамның маммографиясында мұқият зерттеуді қажет ететін ошақтарды көргенін жеткізді.

«Бұл жоғары технологиялық тәсіл. PACS жүйесі бүкіл әлемде қолданылады. Енді ескі сараптамаларды жаңасымен салыстыруға жоғары мүмкіндік беріліп, деректер ортақ жүйеге сақталатын болады. Дәрігерлер жүйеге мобильді қосымша арқылы қол жеткізе алады. Қазірдің өзінде облыстағы 145 рентген аппаратының 63-і PACS жүйесіне қосылған. Яғни, бұл 2700-ден астам науқас туралы кеңейтілген ақпарат бар деген сөз», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар