Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда қаладағы танымал мейрамханалар мен дәмханалар жүйесінде берілген тағам салынған тәрелкеден қонақтар жәндіктің личинкасын тапты. Қара жұлдызқұртты онда келушілер салатты жеп біткен кезде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл суретті интернет арқылы таратқан қыз оқиғаның Өскемендегі танымал мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде болғандығын айтады. Мекеменің әкімшісі қонақтардан кешірім сұрап, айыптары үшін виски ұсынды. Ал, қонақтар болса санитарлық тексеру жүргізетіндігін айтып кетіп қалған.

Компания басшылығының айуынша, жұлдызқұрттың тағамнан табылу себебі - бұл салатты дайындау үшін экологиялық таза өнім қажет.

«Жұлдызқұрттың салаттан табылуы мұнда санитарлық нормалардың жоқтығын білдірмейді. Бұл керісінше, біздің салаттарды тек экологиялық жағынан таза өнімдерден ғана дайындайтындығымыздың белгісі»,-деді желі әкімшісі өзінің ресми хабарламасында.

Мекеме басшылары сонымен қатар, салаттардың қонақтарға берілерден бұрын арнайы технологиялық тексеруден және визуалды бақылаудан өтетіндігін айтты. Бұл жолы аспаз да даяшы да тәрелкедегі жәндікті көрмеген. Фирма басшылары өздерінің ғимараттарының ұдайы санитарлық тексеруден өтетіндігін, осы уақытқа дейін ешқандай кемшіліктер анықталмағандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар