Өскемендегі мейрамханадан 20 мың доллар салынған сейф ұрланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы мейрамханалардың бірінен ақша салынған сейф қолды болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға жуықта түнгі сағат 03.00 шамасында болған. Мейрамхана ішіне терезе арқылы кірген ұрылар 20 200 доллар мен 100 мың теңге салынған темір сейфті жымқырған.

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 26 және 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Өз кінәларын мойындаған олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Даур Ибраев.



Соңғы жаңалықтар