Өскемендегі май зауытында жарылыс болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі «Май» зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқыс оқиға және онда зардап шеккендер туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, бірақ әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Өскемен ТЖ қалалық бөлімшесіндегілер өрт немесе жарылыс туралы айтып ешкім хабарласпағанын айтады. Өрт сөндіру бөлімшелері бұл күні ешқайда шықпаған.

Бүгін таралған ақпараттарға қарағанда жарылыс болған, оның салдарынан екі жұмысшы зардап шеккен. Оның бірі аурухананың травматологиялық бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалауда. Ауруханадағылар басқа ақпарат беруден бас тартты.

Еңбекті қорғау мемлекеттік инспекциясының айтуынша, комиссия жасақталған. Төтенше жағдаймен өндірістік қауіпсіздік ведомствосы айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар