Өскемендегі мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс уақыты өзгерді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 24 қыркүйектен бастап Өскемен қаласындағы автоХҚО жұмыс кестесі өзгерді. Енді орталық сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады.

«Мамандандырылған ХҚО-ның жоғары жұмыс жүктемесіне байланысты жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылданды. Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады. АвтоХҚО мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Өскемен қаласы бойынша кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы Белинский 37а көшесінде, ал автоХҚО Абай даңғылы 203/3 мекен-жайында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар