Өскемендегі көпірде жарық пайда болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аяз салдарынан көпірде жарық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Защита ықшам ауданындағы көпірде жарық пайда болған.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, осыған байланысты бірден тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия құрылды.

«Көпірде пайда болған жарықша мұқият тексерілді. Анықталғандай, көпірдің бұзылу қаупі жоқ. Сондықтан жөндеу жұмыстары көктем кезінде күн жылығанда жүргізіледі», - деп хабарлады бөлім мамандары.

Айта кетейік, қазіргі уақытта көпірде көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмаған.




Соңғы жаңалықтар