Өскемендегі қоқыс полигоны мөлшерден тыс толып кетті

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы қоқыс полигоны мөлшерден тыс толып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі қоқыс полигонында жиналған қоқысты бөлудің экологиялық талаптары сақталмаған. Соның салдарынан полигонда жылына бірнеше рет өрт шығады.

«Қазіргі уақытта бұл полигон мөлшерден тыс толып кетті. Жыл сайын қала әкімдігіне жаңа полигон салыну қажеттігі туралы шарт қойып келеміз. Олар «Еуропа қайта құру және даму» банкімен бірлескен іс-шаралар аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жобасы бойынша келісім жасасты. Қоқыстар қала ішіндегі ескі полигонда сұрыпталады. Ал жаңа полигон Ұлан ауданының тау массиві аумағында салынбақ», - дейді департамент басшысы Данияр Әлиев.

Оның айтуынша, жаңа полигонның орны қоршаған ортаға және халыққа зиян тигізбеуі үшін желдің бағытын ескере отырып таңдалған. Ең жақын ауыл одан бес шақырым қашықтықта орналасқан.



Соңғы жаңалықтар