Өскемендегі қоқыс өрті ауаны ластауда – экологтар

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендегі қоқыс полигоны өртенді. Ол сөндірілгенмен қоқыстан шыққан түтін үш күннен бері басылар емес. Экологтар ауада хлорлы сутектің мөлшерден тыс деңгейге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 тамыз күні Өскеменнің іргесіндегі Шмелев Лог ауылында күлтөбеден өрт шығып, ертеңінде сөндірілген болатын. Жалын басылғанмен, бықсыған түтін басылар емес.

«Қазір өрт болған аумақ толықтай күзетке алынды. Қоқыс алаңында қопсыту жұмыстары жүріп жатыр. Жаңбырсыз ауа райы мен желдің қалаға бет түзеуі жағдайды ушықтырып тұр. Өрт аумағын айқындау қиын. Өйткені, қоқыстың асты жанып жатыр», - дейді Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.


Экологтардың сөзіне қарағанда, бірнеше күн бойы бықсыған түтін қаланың ауасын ластап жатыр.

«Мемлекеттік экологиялық құрылымдардың ауа сынамаларын алған, алмағаны туралы ақпарат жоқ. Ал Экологиялық қауіпсіздік орталығына тиесілі автоматтандырылған өлшеу жүйесі ауада хлорлы сутектің мөлшерден артқанын анықтады. Бұл қоқыстың әлі де жанып жатқанын растайды. Қаладағы автоматтандырылған өлшеу құралдарының барлығында ауаның ластануы тіркелді. Хлорлы сутектің артуы шетін жағдай болмаса да, тұрғындарға аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға кеңес береміз», - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.


Соңғы жаңалықтар