Өскемендегі қоғамдық көлікте ақы төлеудің сараланған тарифі енгізілді
2022 жылғы 3 шілде 16:14

Өскемендегі қоғамдық көлікте ақы төлеудің сараланған тарифі енгізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы автобустарда көлік картасы жоқ жолаушылар енді 130 теңге төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, 2 шілдеден бастап қоғамдық көліктерде жол жүру ақысының сараланған тарифі енгізілді.

«Енді көлік картасы жоқ жолаушылар 90 теңге емес, 130 теңге төлеуі тиіс. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін билет бағасы қолма-қол ақшамен 65 теңгені құрайды. Ал көлік картасымен, мобильді қосымшалардағы QR-код арқылы төлейтін азаматтарға жолақы құны - 90 теңге, балаларға - 45 теңге. Көлік картасымен төлем жасау кезінде жеңілдік санатына жататын тұрғындар үшін жол жүру шарттары өзгеріссіз қалады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қала бойынша көлік карталарын 50 сауда нүктесінен сатып алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT