Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін
Облыстық мәслихаттың депутаттары республикалық ономостика комиссиясына осындай ұсыныс жіберді. Сондай-ақ аймақ көлеміндегі тағы жиырмадан астам мектеп пен колледждің атауын өзгерту жоспарда бар.
Айталық, Өскемен қаласындағы «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясына» Лев Гумилев есімі, №39 орта мектептке Ыбырай Алтынсарин есімі берілуі мүмкін.
Сондай-ақ Семейдегі №49 орта мектепті Абай есімімен, №3 орта мектепті Мұхтар Әуезов есімімен, №47 орта мектепті Ахмет Байтұрсынов есімімен, №37 гимназияны Ыбырай Алтынсарин есімімен, №39 орта мектепті Әлихан Бөкейханов есімімен, №34 орта мектепті Бауыржан Момышұлы есімімен, №2 орта мектепті Қаныш Сәтбаев есімімен, Пригород орта мектебін Жүсіпбек Аймауытов есімімен атау ұсынылды.
Сондай-ақ Бесқарағай, Шемонайха, Глубокое аудандарындағы 11 мектептің атауы өзгеріп, елге танымал тұлғалардың есімі берілуі мүмкін.