Өскемендегі Ертіс көпірі күзде жөнделіп бітеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қаланы екіге бөліп жатқан Ертіс көпірін қайта қалпына келтіру жұмыстары қазан айында бітеді. Соның арқасында қазіргі 4 жолақтың орнына 8 жолақ пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1970 салынған бұл көпір бірінші рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мердігер - «А.Рязанов атындағы көпір құрылыс жасағы» ЖШС.  

«Былтыр бұл жобаға 1,98 млрд теңге бөлінген болатын. Аталмыш қаржыға көпірдің қаңқасын жылжытуға арналған құрылымдар дайындалды. Биыл көпір бөліктері монтаждалып, қаңқасын жылжыту жұмыстары жүргізіледі» - делінген қала әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Осыдан кейін көпірге асфальт-бетон жабын төселіп, байланыс және жылу желілері көшіріледі. Көпірдің екі жағалаудағы айналасын да эстетикалық талғамға сай абаттандыру жоспарланған. 
null null 

Соңғы жаңалықтар