+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Өскемендегі Ертіс көпірі биыл жөнделіп бітпек

2021 жылғы 10 маусым 19:22
Бөлісіңіз:
Өскемендегі Ертіс көпірі биыл жөнделіп бітпек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Ертіс көпірі осы жылдың аяғына дейін жөнделеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан үй салуда ТМД елдері арасында 1-орынға шықты – Асқар Мамин Алматы: «Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды

Бүгін шаһар басшысы Жақсылық Омар көпірді жөндеп жатқан мердігер ұйымның өкілдерімен кездесті.

«Қазіргі уақытта көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жібек маталар комбинаты ықшам ауданына қарай баратын жолда асфальттың бірінші қабаты төселді. Барлығы қатаң түрде жобаға сәйкес жасалуда. Мердігерлерді күнделікті бақылап, мұқият тексерудеміз», - деді әкім.

Жобаға сәйкес, көпірде көліктер сегіз жолақ арқылы қатынайтын болады. Осының нәтижесінде, кептеліс азаймақ. Сондай-ақ Славский жағалауы көшесінен көпірге айналма жолға түспей тіке шығуға мүмкіндік жасалады. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қараша айында Ертіс өзеніндегі бұл көпір ортасынан опырылып түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT