Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Өскемендегі экологиялық проблемалардың «рейтингі»

2018 жылғы 6 желтоқсан 12:47 68
Бөлісіңіз:
Өскемендегі экологиялық проблемалардың «рейтингі»

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығы 2018 жылы өскемендіктер үшін ең өзекті болған экологиялық проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды Жайық өзені өлген балықтардан тазартылып жатыр

Экологиялық қауіпсіздік орталығы БАҚ өкілдерінің назарына ілігіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырған түйткілдердің ондығын тізіпті. Олқылықтар ондығын «облыс орталығындағы көлік санының шамадан тыс артуы» дейтін мәселе түйіндеп тұр. Статистикаға сенсек, Өскеменде тіркелген көліктердің саны 100 мыңнан асып кеткен. Экологтар бұл мәселе БАҚ  назарынан тыс қалғандықтан ғана соңғы орында тұр деген пікірде. Ал тұрғындар тарапынан орталықтың сенім телефонына қоғамдық көліктердің экология талаптарына сай еместігі туралы шағымдар көптеп түсіпті.

9 орында  судың ластануы тұр. «Бұл тақырыпқа журналистер енді-енді қалам тербеп жүр. Ақпан айында Ертістің бірнеше бөлігінен өндірістік дақтар байқалуы ел арасында да қызу талқыланған болатын», - дейді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянская. Әйгілі Марқакөлдің суы да лайлана бастағанын жергілікті сайттар жарыса жазған.

8 орынды «Май» АҚ-ның зауытында болған өрт жеке  дара иеленіп тұр.  Мұнда өндірістік апат, болып, салдарынан бір адамның қаза тапқанын жазғанбыз

7 орында - «Ядролық отын банкі». Бұл тақырып өткен жылғы рейтингте төртінші орыннан көрінген. Биыл оның айналасындағы әңгіме саябырсыған сыңайлы. Дегенмен, Үлбі металлургиялық зауытының жоғары байытылған уранды қауіпсіз отын ретінде қайта өңдеп жатқанына сақтықпен қарайтындар әлі де көп.

6 орында - «Топырақтың ластануы». Аталмыш тақырып тұңғыш рет өзекті ондыққа кіріп отыр. Теміржол бойында мазуттың жиі төгілуі, «Өскемен эылу электр орталығы» ЖШС  кәсіпорнының «Май көлшігін» өз қаражатымен жоюы елді алаңдатқан.

5 орынға «өлексе» тақырыбы шығыпты. Бұл да рейтингтегі тың тақырып. Жыл басында әуелі Ертіс өзенінде үйректердің жаппай қырылуы жұртты елең еткізген еді. Восточное ауылындағы депутаттың шошқа өлексесін көшеге тастауы да көптеген пікірталастарға себепкер болды. Катонқарағай ауданында мал көмілген орыннан қарасан жұғуы, оның адам ажалына соқтыруы да тақырыптың өзектілігін арттырған. 

4 орында трамвай паркінің тағдыры тұр. Парктің иесі ауысқанымен, мәселенің шешілмеуі күні бүгінге дейін ұдайы көтеріліп жүр. 

Рейтингтің үшінші орнында биыл тағы да көгалдандыру мәселесі тұр. Облыс орталығындағы саябақтардың жеке меншіктен мемлекет балансына өтуі, қала маңындағы жағажайларды талапқа сай жарақтау мәселелері БАҚ тарапынан жиі көтерілген. 

«Ауаның ластануы» мәселесі 2 орында.

«Бұл орайда ресми органдар мен кәсіпорындар түрлі жағымды сандарды ұсынғанымен, қаланың көк түтіннің құшағынан арылмауы тұрғындарды алаңдатып отыр. Новаторлар көшесінен «біртүрлі күлдің» табылуы мәселеге май құя түсті», - дейді мамандар.

Олқылықтар ондығының бірінші сатысына биыл «күресіндер» тақырыбы шығып отыр. Жаңа жылдан бастап Қоқыс полигондарына төгілетін қалдықтардың тізімі қысқаратыны, тұрмыстық қалдықты сұрыптап төгу, халықтың жаңашылдыққа дағдылануы жүздеген мақала мен бейнесюжеттерге арқау болған еді.

«Биылға рейтингке «радиациялық ластану» мәселесі кірмей қалды. Дегенмен, «Коммендант өзенінің бойын абаттандыру», «медициналық қалдықтарды көму» тақырыптары өзектілігін жойған жоқ», - дейді Елоена Полянская.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT