Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңартылып жатыр
2020 жылғы 14 қыркүйек 06:33

Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені жаңартылып жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қалалық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық спорт залдарында қабырғалар ретке келтіріліп, едендер толығымен ауыстырылуда. Қызметтік бөлмелер де өзгертіліп жатыр. Дәліздер кеңейтіліп, душтар заманауи стандарттарға сай қайта салынуда. Сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер мен жуынатын бөлмелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - дейді әкім.

Оның мәліметінше, ғимараттың алды да жаңартылуда. Бұдан бөлек, спорт кешенінде сумен, электрмен, жылумен жабдықтау және желдету жүйелері толық қайта жаңғыртылмақ.


Jańalyqtar

MURAǴAT