Өскемендегі бейімдеу орталығында бала зорлау фактісі бойынша тергеу аяқталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы бейімдеу орталығында бала зорлау фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық көрсету фактісі бойынша тексеру жұмыстары өз мәресіне жетті. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлім етті.

«Бүгінгі таңда аталған факті бойынша полицейлер толыққанды тергеу шараларын жүргізді. Барлық куәгер сұралып, түгел құжаттар тексерілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зорлау фактісі расталған жоқ», - дейді ол.

Еске салсақ, осы жылдың наурыз айында Өскеменде бейімдеу орталығында бала зорлау фактісі бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар