Өскемендегі балабақшада ұсталған сілеусін хайуанаттар бағына жіберілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Сол жағалаудағы музей-қорығының зообағына сілеусін келді. Сирек кездесетін жабайы мысықтың қорыққа келу оқиғасы туралы музей-қорықтың фауна бөлімінің меңгерушісі Зайнитдин Шәмшиев баяндап берді, деп жазды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өскеменнің сол жағалаудағы ауданының учаскелік полицейі хабарласты және балабақшадан сілеусін табылғанын айтты. Ең алдымен жыртқыш аңды балабақшаның аула сыпырушысы көрген. Оны қорқыныш билегені соншалық, қандай жануар екенін де айыра алмаған.

«Біздің аулада белгісіз бір аң айбат шегіп тұр!» деп полицияға хабарласқан», - деді Шәмшиев.

Адасып кеткен аңды ұстау үшін бір мал дәрігері мен зообақтың екі қызметкері балабақшаға аттанды. Сілеусін өте жас болса да, мамандарға барынша қарсыласып бақты.

Хайуанаттар бағында оның әлі 1 жасқа да толмағаны анықталды.

null 

Соңғы жаңалықтар