Өскемендегі «Алтай» стадионы 50 жылда алғаш рет жөнделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Алтай» стадионы қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.

«Стадионда жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне 50 жылдан астам уақыт болған. Мердігерлер әкімшілік ғимаратты қайта жаңғыртты: кәріз құбырларын, жылу жүйесін, терезелер мен шатырды ауыстырып, мекеменің алдын жөндеді. Күрделі жөндеу аясында гүлзар, спорттық жолақтың жабындысы алмастырылып, жарықтандыру мен прожекторлар жөндеуден өткізілді», - деді әкім.

Оның айтуынша, көрермендер үшін 150 орын жабдықталмақ. Сонымен қатар Чехов көшесінен стадионға кіретін жол да жөнделеді.


Соңғы жаңалықтар