Өскемендегі 552 автобуста электронды билеттеу жүйесі іске қосылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы 550-ден астам автобуста электронды билеттеу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Марина Гагаринаның айтуынша, цифрландыру жүйесі қызмет көрсетудің барлық саласына, оның ішінде қоғамдық көлікке де енгізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда Өскеменде электронды билеттеу жүйесі 57 бағытта қатынайтын 552 автобуста және 4 бағыттағы 28 трамвайда іске қосылған. Сонымен қатар қоғамдық көлікте жол ақысын мобильді теңгерім арқылы төлеу қызметі жұмыс істейді», - деді ол.

Марина Гагаринаның мәліметінше, бірінші кезеңде бұл сервис №1, 3, 4 трамвайларында, №32, 25, 43а автобустарында қолжетімді болды.

Осы уақытқа дейін ұялы байланыс операторларының қосымшасы арқылы 1555 рет төлем жүргізілген.



Соңғы жаңалықтар