Өскемендегі 19 көшенің атауын өзгерту ұсынылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы бірнеше көшенің атауы өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік желілер мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында осындай ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда жазылғандай,

Куйбышев көшесі – Заңғар, Чкалов – Шыңғыстау, Колхозная – Шалқар, Краснодонская – Алакөл, Краснофлотская – Жетісу, Степан Разин – Үшарал, Чапаев – Берел, Совхозная – Өркен, Чапаев – Үштөбе, Совхозный – Талас, Красин – Борис Александров, Стахановская – Жақсылық Үшкемпіров, Новаторов – Бәйкен Әшімов, Бөкеев – Бошай Кітапбаев, Өтепов – Оралхан Бөкей, Краснознаменная – Ирина Ерофеева, Калинин – Әбілхан Қастеев, Кутузов – Латиф Хамиди, Красногвардейская - Герольд Бельгер

болып өзгертіледі.

Ақпаратты нақтылау үшін қала әкімдігіне хабарласып көрген едік. Айтуларынша, бұл мәселе әзірге ұсыныс күйінде қалып тұр.

«Жергілікті азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан осындай ұсыныс жасалды. Заңға сәйкес, әрбір ұсыныс сарапқа салынып, қалалық мәслихат депутаттарымен талқыланады. Тұрғындардың пікірін ескеру мақсатында қоғамдық тыңдауға да шығарылады»

, - деп хабарлады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Семей аймағында Абай облысын құру қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің атап өтуінше, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес, бұл реформа жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу саласында бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеуді талап етпейді.

Соңғы жаңалықтар