Өскеменде жылыту маусымы басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өскемен жылу желілері» АҚ мәліметіне сүйенсек, шаһарда 25 қыркүйектен жылыту маусымы басталды.

Қосылу өткен жылдардағыдай жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Жылу 3, 4, 6, 7, 9 және 105 қазандықтардың (Жаңа ахмир ауылы) минималды жүктемесін қамтамасыз ететін қондырғылар дайын болғаннан кейін қосылады», - деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, қаладағы жылу есептегіш құралдары және техникалық дайындық паспорты бар үйлер 1 қыркүйектен бастап жылытуға қосылды.


Соңғы жаңалықтар