Өскеменде жылумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Өскеменде екі ЖЭО-ның жылу беруі қалпына келтірілді. Кеше жұмыс барысын тексерген ШҚО әкімінің тапсырмасы бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізілді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме дасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Түнде Согра ЖЭО екінші қазандық агрегаты іске қосылды, пәтерлердегі температура режімі қалпына келтірілді. Сағат 4-те қазандық жөнделді. Жұмыс кешке дейін аяқталады деп жоспарлануда.
null  

Өскемен ЖЭО штатты режімде жұмыс істеуде. Толық қуатта 9 қазандық жұмыс істеп тұр. Бұған қарамастан, кәсіпорынды аралаған өңір басшысы қалыптасқан жағдайға көңілі толмады.

Даниал Ахметовтің айтуынша, жағдай нашар. Орамды гидравликада қазандықтар кенттің бірнеше үйін қатырып тастауы мүмкін. ЖЭО-ның ескірген жабдықтары да көңіл қуантпайды. Өкінішке қарай, екі ЖЭО-ның иесі болып табылатын америкалық компания жөнді жұмыс істемейді. Жөндеу жұмыстары мардымсыз жүргізілген. Олардың сапасы туралы айтқандары шындыққа еш жанаспайды», - деді әкім.
null  

Өңір басшысы мәселені қатаң бақылауына алды. Қалалықтар ЖЭО жұмысының ақауынан зардап шекпеуі тиіс екенін атап өтті. Міндетін дұрыс атқармаған америкалық компания жауапсыздығы үшін жауап беретін болады. Бұл мәселе Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне хабарланады.

Соңғы жаңалықтар