Өскеменде жүк көлігі көпірден құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Защитинский көпірінен өтіп бара жатқан ауыр жүк көлігі жолдан шығыjп кетті.

Қытайлық маркалы «Шаман» көлігі жыраға түсіп, бір жақ жанына аударылып қалды. Көлік апатынан жүргізушінің өзі ғана зардап шеккен. Алайда, ол ТЖ болған күннің ертеңінде ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апаты Защитинский өтпе жолынан Бажов көшесіне қарай өтер тұста болған. «Shacman» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, машинаның жыраға құлауына жол берген. 

Соңғы жаңалықтар