Өскеменде жол апатынан бір адам көз жұмды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екі көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Өскемендегі Сәтпаев даңғылында болған. «ВАЗ-2106» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысты.

«ВАЗ-2106» көлігін тізгіндеп келе жатқан ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан «Toyota» көліне соғылды. 55 жастағы «ВАЗ-2106» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 6 адам мерт болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар