Өскеменде жол апаты кезінде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Омаров көшесінде болған.

«Тойота Ланд Крузер» және «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы іште қыстырылып қалды. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Құтқарушылар гидравликалық құралмен 2 адамды алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына дереу «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар