Өскеменде жоғалып кеткен 4-сынып оқушысы табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 10 жасар қыз басқа автобусқа отырып, адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан әйел 10 жасар қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін жеткізген.

Оның айтуынша, түскі уақытта мектептен шыққан баласы сол күйі үйге келмеген.

Хабар түсісімен полиция департаментінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды.

«Іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 4-сынып оқушысын сол күні тапқан. Белгілі болғандай, кәмелет жасына толмаған бала басқа автобусқа отырып, адасып кеткен. Осылайша, ол Октябрьский кентіне кетіп қалған. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына жеткізілді», - делінген ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар