Өскеменде жоғалып кеткен 2 қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Ананьева Арина Максимовна мен Кабанова Виктория Сергеевна 5 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Оларды қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы іздеуге кіріскен болатын. Қазір екі қыз да аман-есен табылды.

«Екі сағат бұрын кәмелетке толмаған екі қыздың да қайда екендігі анықталды. Виктория Кабанова жасөспірімдер үйіне өз еркімен қайтып келді. Сәлден соң Өскемен қалалық ПБ қызметкерлері Арина Ананьеваны тапқан. Алаңдауға негіз жоқ. Тәрбиеленушілермен психолог жұмыс жүргізуде. Олардың не себепті кетіп қалғаны анықталуда. Бей-жай қарамай, іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде кәмелет жасына толмаған екі қыздың жоғалып кеткені хабарланған.


Соңғы жаңалықтар