Өскеменде жоғалып кеткен 10 жасар қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 10 жасар қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 наурызда «102» жедел арнасына 34 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Өз сөзінде ол кәмелеттік жасқа толмаған қызының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 10 жастағы баласы таңертең мектепке қосымша сабаққа барған. Бірақ сабақ аяқталғаннан кейін үйге оралмады. Сыныптасы қыздың мектептен шығып, белгісіз бағытта жаяу кетіп қалғанын айтқан.

«Баланың қайда екенін анықтау мақсатында жедел-іздестіру тобы мен Солжағалау ПБ барлық жеке құрамы дабыл бойынша дереу аттанды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, жоғалған қыз қаладағы сауда үйлерінің бірінен табылған. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Белгілі болғандай, оқушы мектептен кейін ата-анасына ескертпей дүкен аралап кеткен. Ал ұялы телефоны үйде қалғандықтан хабарласа алмаған.


Соңғы жаңалықтар