Өскеменде жоғалған студент 1,5 айдан соң Қарағанды облысынан табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Америка университетінің студенті Ақжол Серікті полицейлер бір жарым ай іздеді. Жас жігіт Қарағанды маңындағы ауылдан табылды, деп хабарлады YK-news.kz.

Филология факультетінің 23 жастағы студенті ірі сомадағы қаржымен 14 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен. 13 сәуірде 180 мың ақшаны бастығына апару қажет-тін. Кешке ол телефонға жауап бермеген. Содан бері еріктілер Ақжолды іздеп, оның жоғалғаны туралы ақпарат таратты.

ШҚО ІІД-де оны өңірден іздеген. Ақжолды соңғы рет полицейлер Семейде видеобақылаулардың бірінен байқаған. Ол вокзал жақта жүрген.

«Полицейлер оның басқа өңірге кетуі мүмкін екенін болжап, полицейлер жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізді. Оны Қарағандыға жақын жерден аман-сау қалпында тапты. Жігіт үйіне жеткізілді», - деді департамент баспасөз қызметінің басшысы Б. Торғаев.

Ақжол Серіктің туыстары түсінік беруден бас тартты.

Соңғы жаңалықтар