Өскеменде жоғалған 3 жасар қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғалып кеткен 3 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін «102» жедел арнасына қоңырау шалған әйел баласының жоғалғанын айтты. Өз сөзінде ол Виноградов көшесіндегі жұмыс орнына алып келген қызының сыртқа шығып із-түзсіз кеткенін жеткізген.

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Патрульдік полицейлер Нұржан Ілиясов пен Вячеслав Письяуков көп ұзамай бүлдіршінді тапты. Анықталғандай, балабақша тәрбиешісі аулада жалғыз отырған қызды байқап қалып, ертіп әкеткен. Баланың ата-анасы табылғанша оны мектепке дейінгі мекемедегі өз тобына қоса тұрған. Барлық балабақшаны тексеріп шыққан полиция қызметкерлері жоғалған баланың қайда екенін анықтады», - делінген хабарламада.

Әйел адам өз кезегінде жылдам әрекет еткен құқық қорғау органының қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар