Өскеменде жоғалған 10 жасар бала бейнебақылау камералары арқылы табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 сәуір күні сағат 16.50-де «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалды.

Өз сөзінде ол 10 жасар ұлының жоғалып кеткенін жеткізген.

Анасының айтуынша, баласы далаға велосипед тебемін деп кетіп, көзден таса болған. Әйел адам өзі табуға тырысқанымен еш нәтиже шықпады.

Содан кейін ол полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Хабар түсісімен полицейлер дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті.

«Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды мұқият аралап, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдармен сөйлесіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде, жедел басқару орталығы камераларының көмегімен бала көрші аулалардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта оқушы ата-анасына жеткізілді», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.


Соңғы жаңалықтар