Өскеменде жертөлеге құлап кеткен ер адамға құтқарушылар көмекке келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында құтқарушылар құлап кеткен ер адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Қазақстан көшесінде ер адам жертөлеге құлап кетіп, өзі шыға алмай қалған. Сол жерге келген құтқарушылар азаматты шығарып алды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сондай-ақ Семей қаласындағы Академик Павлов көшесінде күнқағардан түсе алмай тұрған ер адам құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар балпалдақпен 29 жастағы жігітті түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, азамат күнқағарға өз пәтеріне кіру ішін шыққан.




Соңғы жаңалықтар