Өскеменде жер үйден өрт шығып, зейнеткер көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжай қоғамдастығындағы жер үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде тілсіз жау кіреберістің ағаш құрылымдарын, шатырды, есікті, жеке заттар мен жиһазды шарпып жатты.

Жалын шарпыған аумақ - 28 шаршы метр.

«Құтқарушылар үй ішінен 1949 жылғы әженің денесін тапты. Ол иіс тиіп көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыста 12 мен 15 ақпан аралығында жер үйлерде 9 өрт болған.


Соңғы жаңалықтар