Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 28 мамырда сағат 14:20 шамасында тіркелді. TOYOTA көлігін тізгіндеп келе жатқан 40 жастағы ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан автокөлікті басып озбақ болған.

«Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктегі бес адам, оның ішінде екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына орай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 30-ға жуық автоволонтер мұқтаж жандарды тегін тасымалдап жүргенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар