+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты

2021 жылғы 20 қазан 13:53
Бөлісіңіз:
Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвайға соғылған көлік 10 метрге кері серпілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автокөлік қағып кеткен екі жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсті «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртеніп жатыр Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген

Жол-көлік оқиғасы 19 қазанда кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы 1 сағатқа жуық шектелді.

«Юбилейный кинотеатры» аялдамасының маңында көлік тізгіндеп келе жатқан әйел адам шеткі жолдан негізгіге шыға бергенде трамвайға жол бермеген. Сөйтіп, ол №3 трамвайға соқтығысты. Соққы салдарынан жеңіл көлік 10 метрге кері серпілген», - делінген Өскемен көлік компаниясы таратқан мәліметте.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT