Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, турнирге жеңіл атлетикадан ел үздіктерінің басым бөлігі қатысады. Таңертеңгі жарыс бағдарламасында 60 және 400 метрге жүгіруден іріктеу айналымы өтіп, көпсайыс басталды. Кешкі бағдарламада бірнеше қашықтық бойынша финалдық жарыс өтеді.

Қазақстан чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.






Соңғы жаңалықтар