Өскеменде жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды
2022 жылғы 2 шілде 21:11

Өскеменде жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемендегі сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген сақшылар 23 жастағы сауна әкімшісін ұстады. Белгілі болғанындай, ол қосымша табыс табу үшін саунаға келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды шақырып отырған. Оқиға орнынан 26 000 теңге көлемінде ақша тәркіленді», - деп хабарлады департамент өкілдері.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласының тұрғынынан екі жылда 50 млн теңге бопсалап алған ер адам ұсталған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT