Өскеменде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір әйел зардап шекті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына тап болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін, 8 қазанда сағат 10:30 шамасында Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында жедел жәрдем мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, 36 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан өте шығып, 36 жастағы ер адам тізгіндеген жеңіл көлікке соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктегі 34 жастағы жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жүгінді. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар