USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады

2021 жылғы 15 қазан 12:20
Бөлісіңіз:
Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвай рельсі бөгелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты Қызылордада полицейлер тайғақта жолдан шығып кеткен өзбекстандық жүргізушіні құтқарды Депутаттар утиль жинау алымына мораторий жариялауды сұрады

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Шәкәрім даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған.

«Mercedes» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол апатынан дене жарақатын алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

«Mercedes» көлігі трамвай рельсіне шығып кеткен. Соның салдарынан Защита ауданынан Абай даңғылы бағытындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT