Өскеменде жастар арасында үздік зауыт қызметкері анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде дәстүрлі «Зауыт жастары-2019» фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға арналған дәстүрлі шара биыл Жастар жылы аясында ұйымдастырылды. Оған 11 кәсіпорыннан 300-ден астам үміткер қатысты. Солардың ішінен суырылып шыққан 12 үздік жас «Ертіс концерт» шығармашылық алаңындағы гала концертте өнер көрсетті. Жұмысшы жастардың кейбірі түрлі ұлттың әнін шырқап, биін билесе, кейбірі робот технологиясын қаншалықты меңгергенін паш етті. Лазерлік шоу жасап елдің көңілін көтергендер де болды. Фестиваль аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де өтті.

Жеңімпаздар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Ал «Зауыт ханшайымы» және «Зауыт мырзасы» аталымдарын халық ойнлайн дауыс беру арқылы анықтады. Нәтижесінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК атынан сынға түскен Дана Ақатаева «Зауыт жастарының ханшайымы» атанса, «Зауыт жастарының мырзасы» атағын Үлбі металлургиялық зауытының жұмысшысы Андрей Попенко иеленді.

null null

Соңғы жаңалықтар