+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

2021 жылғы 22 қыркүйек 10:41
Бөлісіңіз:
Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс біршама азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қылмыстық істердің 78,6% электронды форматта қаралып жатыр ШҚО-да 1 жарым гектарды шарпыған дала өрті сөндірілді Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеді. Нақты айтқанда, жыл басынан бері шаһар бойынша 21 қылмыс тіркелген.

Заңбұзушылықтың ең көп тараған түрі - ұрлық (9 факті) және алаяқтық (5). Сондай-ақ бозбалалар арасында бұзақылық және дене жарақатын келтіру фактілері болды.

«Қылмысқа барған 17 бала Өскеменде тұрады. Ал қалғандары облыстың басқа аудандарынан келген. Сондай-ақ олардың ішіндегі 6 жасөспірім бұған дейін де ювеналды полиция есебінде тұрған», - деді Өскемен қалалық ПБ бастығының орынбасары Орал Рыспаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT