Өскеменде жаңартылған әуежай қайта ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізілген әуежай қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 ай бойы жабық тұрған Өскемен әуежайы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Таңертеңнен әуежайдан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақтар ұшты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жолақты ұзарту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген.

«Мердігерлер ұшу-қону жолағындағы асфальтбетон жамылғысын толығымен ауыстырып, оны біршама ұлғайтты. Енді ұзындығы 2800 метр, ені 60 метрді құрайды. Мұндай параметрлер әуежайға ірі халықаралық рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді. Ұшу-қону жолағын жарықтандыратын жабдықтардың жаңа заманауи жүйесінің орнатылуы да аса маңызды болып отыр», - деді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Николай Короленко.

Оның айтуынша, әуе айлағында мұндай ауқымды жұмыстар соңғы рет 1996 жылы жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар