Өскеменде жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өткен жылы жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылғандығы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы Өскеменде жалпы 3 357 неке тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Бір жыл ішінде 6 400-ге жуық бала жарық дүние есігін ашқан.

«Ұлдарға көбінесе Ибраһим, Әміре, Хантөре, Богдан, Хан, Ярослав деген аттар қойылды. Ал қыздарға Томирис, Медина, Ясмин, Асылым, Есения және Виктория сынды есімдер жиі берілген», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданаралық ауруханасында жаңа босанған әйелдерге балалары Аяз атаның киімінде берілгендігі хабарланған.


Соңғы жаңалықтар