Өскеменде жаңа шағынаудан салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаңа шағынаудан салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа шағын аудан Шешек асуында бой көтереді. Онда тұрғын үйлерден бөлек, балабақша, спорт алаңы мен сквер салу жоспарлануда.

«Жер үй салғысы келетіндер саны күн санап артып келеді. Сондықтан бірнеше ауданда инженерлік инфрақұрылымды салу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жақын арада коммуникациялар тартылған аумақтарда жер телімдерін беру басталады. Шешек асуындағы жаңа ықшам аудан 1099 тұрғын үйге есептелген. Онда сумен жабдықтау жүйесі қазірдің өзінде дайын. Ал электр желілерінің құрылысы соңғы сатыда», - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, экологиялық таза аймақта орналасқан аудан құрылыс салушылар үшін де, ірі инвесторлар үшін де тартымды. Бүгінде компаниялардың бірі 80 үй салуды көздеп отыр.


Фото: wikipedia.org



Соңғы жаңалықтар