Өскеменде жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жалған бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО прокуратурасы, облыстық Экономикалық тергеу департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті бірлесіп салықтан жалтару мақсатында жалған бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Анықталғандай, олар осы уақытқа дейін 1,5 млрд теңге мөлшерінде салықтан жалтарған.
«Тінту жұмыстары барысында барлық бухгалтерлік құжаттар, мөрлер мен компьютерлер тәркіленді. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынған», деп хабарлады ШҚО Экономикалық тергеу департаменті.
Қоса кетсек, өткен жылы Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен осы сынды заңбұзушылық жасаған екі қылмыстық топқа үкім шыққан. Олар мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам залал келтірген.
- Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
- Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
- Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
- Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалар аталды
-
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
-
Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам