Өскеменде зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгесін ұрлап кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында зейнеткердің пәтерін жалдаған ер адам 2 млн теңгені жымқырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының басында «102» арнасына 80 жастағы қарт кісі хабарласып, пәтер жалдаушысының сандықтағы 2 миллион теңгесін ұрлап, онымен қоймай қолынан ұялы телефонын жұлып алғанын айтып шағым түсірді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бұрын сотталған 46 жастағы күдіктіні ұстады. Тұрақты жұмыс орны жоқ ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Ақша мен телефон зейнеткерге қайтарылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- ШҚО-да жасанды жолмен 140 400 текше метр қар түсірілді
- ШҚО-да дүкенге маска тақпай кірген адамға айыппұл салынды
- ШҚО-да перзентханаларды жабдықтауға 5 млрд теңге бөлінеді
- Балабақшадаға қатігездік: Ата-аналар талап-тілектерін жеткізді
-
Павлодарда түрмедегі наубай аналарға арналған бәліш пісірді
-
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам