Өскеменде зейнеткер 1,2 млн теңгенің жабдықтарын ұрлаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында зейнеткер трансформатор будкасынан 1 млн 200 мың теңгелік жабдықтарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 42 жастағы ер адам белгісіз біреулердің Өскемендегі мемлекеттік мекемелердің бірінің балансында тұрған трансформатор будкасынан 7 радиатор мен цистернаны ұрлап кеткенін жеткізді. Материалдық шығын мөлшері – 1 200 000 теңгеден асқан.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Ұлан ауданының 69 жастағы тұрғынын ұстады. Зейнеткер өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар