Өскеменде зауыттағы 2 жұмысшының өліміне қатысты арнайы комиссия құрылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында кәсіпорындағы 2 адамның өліміне қатысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорындағы қайғылы жағдайға қатысты жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

«5 қарашада сағат 17:20 шамасында «POSUK Titanium» ЖШС-ның екі жұмысшысы көз жұмды. Белгілі болғандай, олар электронды-сәулелік пеште профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол жерге басқарма мамандары мен прокуратура қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылып жатыр», - деді ол.

Бақытбек Қизатов өз сөзінде осы жылдың 9 айында өңір кәсіпорындарында 153 жазатайым оқиға болып, 16 адам көз жұмғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде кәсіпорында екі жұмысшы мерт болғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар