Өскеменде зарядталып жатқан телефоннан өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 тамызда Өскемендегі Славский атындағы жағалау көшесінде орналасқан тоғызқабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті. Подъезд ішін көк түтін басқандықтан 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

«Пәтерді жалын шарпығанда іште ешкім болмаған. Өрттің шығуына – қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон себеп болды. Көп ұзамай ТЖД қызметкерлері отты толықтай ауыздықтады», - делінген ақпаратта.

Тілсіз жаудың жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Өртпен күреске жеке құрамнан 18 адам және 6 техника жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар